generic prescription viagra without http://www.laviagraes.com/

slideshow 1 slideshow 2 slideshow 3

Басты бет

Филология факультеті М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң ең ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультет материалдық және оқу-әдістемелік базамен, ғылыми-педагогикалық мектептермен бірлесе отырып, инновациялық ғылым және білім жобаларымен, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген. Филология факультетінде 700-ден аса студенттер білім алады. Студенттердің үздіксіз  және сапалы білім алуын ғылыми дәрежелері бар 140-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы  атқарады. Факультет құрамында тіл білімі, лингвистика және әдебиет салаларында профессор, докторлар сияқты жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген  6 кафедра бар. Факультет М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң №8 оқу ғимаратында орналасқан.  

Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 3 деңгейде дайындайды: бакалавриат - магистратура - РhD докторантура. Факультет бакалавриат мамандықтары бойынша 10 мамандарды дайындайды. Бұл мамандықтар бойынша филологиялық және педагогикалық бағыттарда 3 мамандық бойынша магистратурада білімін одан ары жоғарылатуға болады және Филология мамандығы бойынша доктаранттар дайындайды.

Факультеттің міндеті білім саласында сапалы қызмет көрсету, білім және мәдениет салаларында қызмет атқаратын жоғары білікті маман дайындау, Оңтүстік аймақ пен еліміздің инновациалық дамуына белсенді түрде ықпалын тигізу.

Факультеттің негізгі міндеті балабақшада, орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, республикалық және халықаралық ұйымдарда  жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлау. Факультет бұл міндетті өз межесінде орындауда, өйткені үлкен кітапханамен, компьютерлік сыныптармен, медиатека кабинетімен, қазақ тілі және орыс тілі кабинеттерімен, лингофондық кабинетпен, аудио және видеоаппаратурамен, 2 мультимедиялық кабинет, 6 аудиториямен, интерактивтік тақталармен, проекторлармен жабдықталған.

Филология факультеті қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі филологиясы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялардың негізгі орталығы болып табылады.

Ғылыми жобалар халықаралық байланыс тұрғысынан АҚШ, Испания, Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б. ЖОО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Факультет студенттері ғылыми мен қоғамдық өмірге белсенді қатысуда. Кафедраларда студенттік ғылыми ұйымдар жұмыс істеуде. «Сырлы сөз» атты әдебиеттік үйірме жұмыс істейді.

Жыл сайын Студенттік конференциялар, студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы, түрік және славян жазуының мейрамдары өтеді. Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасының білім бeру мен ғылым Министрлігінің және ҚР АН дипломдары мен құрмет қағаздарымен марапатталады. 

Факультет түлектері білім беру мекемелерінің дерлік бәрінде, мерзімді басылымдарда, теледидар мен радиода, басылымдар мен шетелдік корпункттарда жұмыс істеп, республикалық және облыс газеттер мен журналдарының редакцияларын басқарады.

Филология саласының маманы  бұқаралық мәліметтер органдарында, редакциялар мен басылымдарда, теледидар мен радиоларда, мұғалім ретінде орта мектепте және ірі компанияларда аудармашы ретінде  жұмыс істей алады.

Факультет деканы

Тілеубердиев Болатбек Макулбекұлы

филология ғылымдарының докторы, профессор