slideshow 1 slideshow 2 slideshow 3

Басты бет

Филология факультетінің тарихы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан жоғары оқу орындарының қайта құрылу нәтижесінде негізі қаланған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінен бастау алады. 1998 жылдан бері филология факультеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің іргелі факультеттерінің бірі болып табылады.

1998 жылдан бері факультетті Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы басқарып келеді. Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – Қазақстан Республикасы білім беру үздігі (2000 ж.), ҚР білімінің құрметті қызметкері (2008 ж.), ғылыми жұмыс және тәрбие, оқу ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдық мерей той медаліне иегері (2011 ж.). Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – Республикадағы ономастика саласындағы белді маманы, Тілдерді дамытуды басқару орталығының облыстық ономастика комиссия мүшесі. 2012 жылы қорытындысы бойынша Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлына «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты берілді.

Облыстағы және республикадағы ең үздік ғалымдардан құралған шығармашылық ұжым ғылыми педагогикалық бағытта жас мамандарды дайындауда жоғары дәрежеде қызмет етеді. Факультетте тіл білімі, лингвистика және әдебиет салаларында ғылым докторлары, профессорлар қызмет атқарады. Олар: М. Мырзахметұлы, Б.М. Тілеубердиев, А.Е. Құлымбетова, сондай-ақ 50-ден астам ғылым кандидаты мен доценттер бар. Факультеттің төрт оқытушысы - ф.ғ.д., профессор Б.М. Тілеубердиев, б.ғ.к., доцент С.М. Сихимбаева, ф.ғ.к., доцент Ж.Ж. Жумагулова, ф.ғ.к., доцент Н.Қ. Омаров «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері болып табылады.

2015-2016 оқу жылының нәтижелері бойынша филология факультеті «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің үздік факультеті», «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы «ОҚМУ-дің үздік кафедрасы», «Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасының меңгерушісі Л.К.Тұрабаева «ОҚМУ-дің үздік доценті» атанды; 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы БСҚА (НКАОКО) рейтингі бойынша 1-ші орынға, 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы БСҚА рейтингі бойынша 2-ші орынға ие болды.

2016-2017 оқу жылында «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің үздік кафедрасы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Я.Х.Мадалиев «ОҚМУ-дің үздік аға оқытушысы» атанды; 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары БСҚА рейтингі бойынша 1-ші орынға, 5В021000 «Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығы 5-ші орынға ие болды.

Факультет көп жылдар бойы ғылым және білім саласында алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен, ғылыми зерттеу институттарымен тығыз байланыс жасауда (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Испания, Германия, Түркия, Жапония, Польша, Чехия, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния және т.б.).

Болашақ бағдарламасының аясында биология ғылымдарының кандидаты Ғ.А. Рысбаева Мәскеу қаласында Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық университетінде, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Карбозова RCEAL Кембридж университетінде, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Жумагулова, оқытушы М. Қалдыбекқызы Монтре Бизнес мектебінде (Швейцария) тағылымдамадан өтті. 2016 жылы «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Г.К.Карбозова Erasmus+ (Teaching Staff Mobility) бағдарламасы бойынша Испанияның Кадис университетінде дәріс оқыды. Сонымен бірге, Гёте-Институты гранты бойынша Мюнхен қаласында (Германия) тағылымдамадан өтті. 2016 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Ж.Ж. Жұмағұлова Қытай Халық Республикасының Дальян Шет тілдері университетінде дәріс оқыды.

2016 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы командасы І орынды, 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы командасы ІІІ орынды, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы командасы ІІІ орынды, ҚазҰПУ-да өткен Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы командасы ІІІ орынды, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы командасы «Үздік ой-талқы» номинациясын иеленді.

Факультетте әр оқу жылында жақын және алыс шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарынан лекция оқу мен шеберлік сыныптарын жүргізу үшін танымал ғалымдар шақырылады. Факультетте шет тілі пәні бойынша: Джозеф Перри, Элис Лобью, Сэнди Марсия Стрингфелоу, Пеня Элизабет Виани (ағылшын тілі), Сересо Монтойя Давид, Санчес Асун Рут Сара, Валладарес Лопез Сатурнино (испан тілі), Юрген Вернер Вольфганг Асмус (неміс тілі) сынды ғалымдар дәріс оқыды.

Қазіргі таңда факультетте Калифорния Штаты университетінің профессоры Нэйсон Т. Карр ағылшын тілі, Синцьзян қаржы және экономика университетінің іскерлік әкімдеу магистрі (МВА) Луань Синьжун қытай тілі бойынша дәріс оқиды.

Факультет деканы

Тілеубердиев Болатбек Макулбекұлы

филология ғылымдарының докторы, профессор