You are here

Ағылшын тіл білімі

 

Кафедра меңгерушісі

Карбозова Гульнара Күмисбековна

Филология ғылымдарының кандидаты,  доцент

 

Мекен -  жай:   Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012, Т. Тәжібаев көшесі, 2, №8 ғимарат, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология факультеті, «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы.

Телефон:  8 (7252) 36-71-93

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет, кафедра тарихы

1999 жылы  ағылшын филологиясы кафедрасының  орнына  «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының негізі қаланды. 1999 жылы 2012 жыл аралығында, Абылай хан атындағы оқу әдістеме орталығының мүшесі, ҚР оқу ісінің үздігі, аға оқытушы Г.А. Телғазиева кафедра меңгерушісі болды. Германия және Испания білім беру орталығымен Қазақстандағы АҚШ-тың  бейбітшілік корпусымен  Г. Телғазиеваның басшылығымен тығыз байланыста болды.

2012 жылдан бастап кафедраны салыстырмалы-тарихи тіл білімі саласының маманы – ф.ғ.к., доцент Г.К Карбозова басқарады. 2010 жылы Кембридж университетінің RCEAL  ғылыми орталығында (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми іс-тәжірибеден өткен.

Осы уақытқа дейін 10000 – нан аса түлектер Шет тілі: екі шетел тілі,Аударма ісі»

Шетел филологиясы» мамандығының бакалавры дәрежесіне ие болып еліміздің барлық аймақтарында білім ордаларында, ірі өндіріс компанияларында еңбек етуде.

Кафедра келесі мамандарды дайындайды:

5B011900 – «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

5B020700 – «Аударма ісі» мамандығының бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

5B021000 – «Шетел филологиясы» мамандығының бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедраның мемелкеттік бюджеттік ғылыми – зерттеу жұмысының тақырыбы «Innovative potential of using active and interactive methods of teaching students’ creativity development in the context of quality management system of foreign language teachers training».

Кафедраның оқытушылары ҚР және жақын шетел (Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б.) мемлекеттеріндегі өткізілетін халықаралық конференцияларында белсенді қатысады. Қазақстан мен Ресейдің және  Испания, Польша, Латвия, Қытай мемлекеттерінің  іргелі оқу орындарымен ынтымақтастықта оқу-ғылыми жұмыстарды жүргізуде.  Болашақ бағдарламасының стипендиясының иегері ретінде кафедра оқытушылары Ұлыбритания , Швейцария мемлекеттерінде біліктілігін жоғарылатып отырады және Өрлеу орталығында алған тәжірибелерін оқу үрдісінде ұтымды пайдаланады.

Кафедрада студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстары  «Жас ғалым», «Academic writing», «Art of debating», «Wir sprechen Deutsch», «Han hue jia» сынды  үйірмелерден бастау алып ғылыми жұмыстар мен олимпиада жеңістеріне ұласып жатады. Студенттердің  ғылыми жұмыстары мемлекеттік бюджет тақырып пен шет тілін оқытудың заманауи технологиясы, тіл білімі, салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы типология саласымен ұласып жатады.

Кафедраның тәрбие жұмыстары

Тәрбиелік іс- шаралар  Азаматтық патриоттық және құқықтық ,  рухани адамгершілік кәсіби және еңбек бағытында тәрбие  және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты бағытында жүргізіледі.

Іс-тәжірибе салалары

Студенттердің іс-тәжірибесі, оқу және диплом алды тәжірибесі Шымкент қаласындағы       лицей- гимназияларда  және аударма бюролары мен фирмаларда өтеді. Кафедраның көптеген бітірүшілері осы мекемелерде өз қызметтерін көрсетеді.

Халықаралық байланыстары

Кафедра Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және Британдық Кеңеспен (Ұлыбритания) тығыз байланыста . Сондай-ақ  кафедра оқытушылары Болашақ бағдарламасы бойынша шет елдерде Швейцария, Ұлыбританияның іргелі университеттерінде  кәсіби біліктіліктерін арттыруда.

1999 жылы Түркияның 21 азаматтары біздің университеттің шетел тілдері мұғалімі мамандығы бойынша дипломдарын алып шықты. Олардың көпшілігіне Қазақстан екінші Отан болып қалды және біздің жоғарғы оқу орнымызда алған білімдерінің арқасында кейбір азаматтар АҚШ-та магистратурада оқуларын жалғастыруда. Қазіргі уақытта да Қытай,  Пакистан , Өзбекстан , Қырғызстан және Түркіменстан азаматтары біздің студенттеріміз болып табылады.

Сонымен қатар кафедра студенттері  университетіміздің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испания, Латвия, Польша, АҚШ және т.б елдердің алдыңғы қатарлы университеттерінде  оқуларын шетелде жалғастырады.

Оқыту жаңа технологияларын қолдану арқылы халықаралық стандарт және ағылшын, неміс/испан тілдеріне активтік және интерактивтік әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша жүргізіледі. Германия, Испания, Ұлыбритания профессорлары мен оқытушылары студенттердің тілдік компетенциясын арттыру мақсатында университеттің арнайы шақырумен кафедрада жұмыс істейді.

Соңғы бірнеше жыл аралығында біздің студенттеріміз Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындары арасында өтетін облыстық «Полиглот» конкурсына белсенді түрде қатысып, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінен білімділіктері үшін сыйлы орындарға ие болды.

Талапкерге анықтама

5B011900 «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығы бакалаврының квалификациялық мінездемесі

Бітіруші білімді (педагогикалық), экспериментті-зерттеушілік, ұйымды-әкімшілік, қоғамдық-педагогикалық, оқу-тәрбиелік, оқу-технологиялық іс-әрекеттерге дайын болуға тиісті.

Халықаралық-стандарттық талаптарға сай білім бакалавры фундаментальды және мамандандырылған дайындықтың жоғарғы деңгейін игеруі және шеттілдік қарым-қатынасқа халықаралық деңгейде қабілетті және дайын болуы керек.

Мамандық іс-әрекетінің аймағы. Бакалавр өзінің мамандандырылған іс-әрекетін шеттілдік білім аймағында, шетел тілінің құралдарымен жеке тұлғаның дамуы қамтамасыз етілетін жерлерде іске асырады. Мамандық іс-әрекетінің обьектілері. Бітіруші-бакалаврлардың мамандық іс-әрекетінің обьектілері болып үзіліссіз және жалғасқан шеттілдік оқу орындары саналады:

  • бастауыш, негізгі және профильді мектеп;
  • арнайы мектеп;
  • орта техникалық және мамандандырылған білім орны;

Аталған мамандықтың бакалаврының мамандық іс-әрекетінің пәндері болып табылады:

  • базалық негізгі шетел тілі бойынша оқу процессін ұйымдастыру;
  • арнайы мақсатқа бағытталған тіл бойынша оқу процессін ұйымдастыру;
  • академиялық мақсатқа бағытталған тіл бойынша оқу процессін ұйымдастыру;
  • екінші шетел тілі бойынша оқу процессін ұйымдастыру.

5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бакалаврының квалификациялық мінездемесі

Мамандық іс-әрекетінің аймағы. 5В020700 «Аударма ісі» мамандығының бітіруші бакалавры келесі аймақтарда жұмыс істеуге дайындалады: мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас; әкімшілік-басқару аймағы; халықаралық қатынас аймағы; өнім ісі; баспасөз ақпарат құралдары; ақпараттық-идеологиялық аймақ; ақпараттық - аналитикалық аймақ; білім және ғылым аймағы; қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік; және тағы да басқа аймақтарда.

Мамандық іс-әрекетінің обьектілері. Бітірушілердің мамандық іс-әрекетінің обьектілері болып мыналар саналады: мәдениет саласы, халықаралық ұйымдар, ақпараттық-идеологиялық қызметтер, түрлі ақпараттық - аналитикалық қызметтер, өкілеттілік және әкімшілік, министрлік, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мекемелері және ұйымдары, туризм бойынша агенства, өнім шығару, аударма ісі бойынша бюро.

Мамандық іс-әрекетінің пәндері алынған фундаментальды және мамандандырылған дайындықпен сәйкес келуімен байланысты келесілер болып табылады: жазбаша және ауызша аударма және ақпараттарды референттеу, әртүрлі жанрлы мәтіндер, соның ішінде, көркем мәтіндер, аудармаға кіріспенің теориялық сұрақтары, филология, іскерлік корреспонденцияның құрылуы, кеңес – білім жұмыстары, аударма облысындағы инновациялық технологиялар.

Мамандық іс-әрекетінің түрлері. 5В020700 «Аударма ісі» мамандығының бакалавры мамандық іс-әрекетінің келесі түрлерін жүзеге асыра алады: аударма (әртүрлі жанрлы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, сөйлесулердің, халықаралық кездесулердің және конференциялардың ауызша аудармалары); ұйымдық, шығару-басқарушылық, шығармашылық (шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне әдеби шығармалардың көркем аудармасы), ақпараттық – аналитикалық, өнімдік, ғылыми-зерттеушілік, БАҚ-тағы іс-әрекет.

Мамандық іс-әрекетінің функциялары. 5В020700 «Аударма ісі» мамандығының бітірушісі функциональдық міндеттемелерді орындауға дайын болуы керек: тіларалық қарым-қатынаста көмек көрсету, жазбаша және ауызша аудармаларды жүзеге асыру, шеттілдік мәтіндерді құрастыру және референттеу және тағы басқалары.

Мамандық іс-әрекетінің бағыттары. Қазақстан Республикасының жоғарғы мамандандырылған білімді аударма ісі 2004 жылы Индустрия және Сауда Министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының Классификаторына сәйкес келеді.

Мамандық іс-әрекетінің мазмұны. Аудармашы-референт республиканың басқа мемлекеттермен ішкі саяси, ішкі экононмикалық, ғылыми-мәдениет байланыстарын іске асыратын мемлекеттік ұйымдарда, ғылыми-техникалық әдебиеттерді аударумен қамтамасыз ету мақсатымен әртүрлі экононмикалық аймақтарда мамандандырылған жазбаша аударманы жүзеге асыруға тиісті. Гид-референт халықаралық туризм жүйесінде ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыруы қажет. Аудармашы-лингвист екі жақты ауызша жіне жазбаша аударманы, көркем және техникалық аударманы, агенствалардағы, ақпараттық-идеологиялық, ақпараттық - аналитикалық қызметтердегі әртүрлі жанрлы шеттілдік мәтіндерді, қысқарту мен жөндеуді, лингвистік-аудармашылық білім бойынша сұрақтарға кеңес беруді жүзеге асыруы керек. Аудармашы-синхронист халықаралық конференция кезіндегі ресми сөйлеулерді аударуды жүзеге асыруға міндетті. Көркем аударма бойынша аудармашы көркем аударма аймағындағы тәжірибелік іс-әрекетті жүзеге асыруға тиісті.

5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығы бакалаврының квалификациялық мінездемесі

Мамандық іс-әрекетінің аймағы. Бакалавр-филолог өзінің мамандандырылған іс-әрекетін келесі бағытта жүзеге асырады: филологиялық білім аймағында орта профильді, гуманитарлық бағыттағы орта білімнен кейінгі мамандандырылған оқу орындарында шетел тілі және әдебиетінің мұғалімі ретінде жұмыс атқара алады. Бакалавр-филолог сонымен бірге кіші дәрежедегі филолог-зерттеуші ретінде ғылыми орындарда да қызмет атқара алады.

Мамандық іс-әрекетінің обьектілері. Бітіруші-бакалаврлардың мамандық іс-әрекетінің обьектілері болып келесілер саналады:

  • гуманитарлық бағыттағы орташа профильді (гимназиялар, лицейлер), орта мамандандырылған (училище) және орта білімнен кейін мамандандырылған (колледждер) оқу орындары;
  • аудармашыларды қажет ететін орындар;
  • газет, журналдар редакциясы, радио және телекөрсетілім, басылым;
  • профильді ғылыми орындар, кітапханалар;
  • мамандықтың профилімен сәйкескелетін басқа да обьектілер.

5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығын бітірушілердің мамандық іс-әрекетінің пәндері:

Орта дәрежедегі оқу орындарында (оның ішінде арнайы оқу орындары да) шет тілін (практика және теория) және оқытылатын тіл елдерінің әдебиетін оқыту, ғылыми-зерттеу және жоғарғы оқу орындарына ғылыми тақырыптарды нұсқау, газет, журналдар редакцияларындағы, радио және телекөрсетілімдегі, басылымдағы және басқа да қызығушылық танытқан орындардағы әдеби жұмыскердің немесе аудармашының міндеттерін орындау.

Мамандық іс-әрекетінің түрлері. 5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығын бітірушілер мамандық іс-әрекетінің келесі түрлерін жүзеге асыра алады:

  • білімділік (пелагогикалық);
  • ұйымдастырушылық-әкімшілік;
  • ғылыми-зерттеушілік;
  • шетел тілдерін практикалық меңгеру негізіне фундаментальды лингвистикалық және әдебиеттану білімдерін қабылдауды талап ететін мамандандырылған іс-әрекеттің басқа да түрлері.

Мамандық іс-әрекетінің функциялары. 5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығының бакалаврлары филологиялық білім аймағында орта профильді, гуманитарлық бағыттағы орта білімнен кейінгі мамандандырылған оқу орындарында шетел тілі және әдебиетінің мұғалімі ретінде, сонымен бірге кіші дәрежедегі филолог-зерттеуші ретінде ғылыми орындарда қызмет атқаруға дайындалады.

Мамандық іс-әрекетінің типтік тапсырмалары. 5В021000 «Шетел филологиясы»  мамандығының бакалавры шет тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті лингвистік-дидактикалық мәселелерін шешуге, шет тілі және әдебиеті бойынша оқу процесін жоспарлауға, әдістемелік тапсырмаларды шығармашылық шешуге, инновациялық технологияларды оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері ретінде қабылдауға, әдебиет және тіл білімі саласында филологиялық зерттеу жүргізуге дайын болуы қажет.

Мамандық іс-әрекетінің бағыттары. 5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығының мамандандырылған іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары мыналар: ведомтвалық бағынушылықтарынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және оқытудың формаларынан тәуелсіз гуманитарлық бағыттағы орташа профильді, мамандандырылған және орта білімнен кейін мамандандырылған оқу орындарындағы оқу-педагогикалық жұмыстар. Филология бакалавры сонымен қатар ғылыми орындарда филолог-зерттеуші ретінде қызмет атқара алады, мәдениет орындарындағы филология облысындағы білім мен қабілетті қолданумен байланысты практикалық іс-әрекеттерді іске асыра алады және БАҚ пен қоғамдық-гуманитарлық іс-әрекеттердің басқа да облыстарында жұмыс істей алады.