You are here

«Ағылшын тіл білімі» кафедрасының оқытушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында әділқазы

2020 жылдың 4 желтоқсанында О.А. Жолдасбеков атындағы №9 лицей базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының 1 туры өткізілді. Байқауға Шымкент қаласының мектеп оқушылары қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын лайықты түрде ұсынды.  «Тіл білімі (ағылшын, неміс және француз тілдері)» бөлімінің әділқазылар алқасы «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының оқытушыларымен жұмыс жасады: кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Карбозова (қазылар алқасының төрағасы), сонымен қатар қазылар алқасының мүшелері - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Швайковский, магистр, аға оқытушы А.М. Шымырбекова. Жобаларды қорғау барысында өзекті лингвистикалық мәселелер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары, сондай-ақ мектепте ағылшын тілін оқытуда қолданылатын белсенді және интерактивті әдістер талқыланды.