You are here

«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ректорымыз Д.П.Кожамжарованың басшылығымен университетіміздің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасында көптеген іс-шаралар жасалуда. Кафедра ғалымдары университеттен тыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысы,Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған энциклопедиялық кітаптың топонимикалық тарауында мақала жариялап, кафедрада талқылады. Өскелең ұрпақтың туған ел мен жерге сүйіспеншілігін арттыру, бойларына ұлтжандылық қасиетті қалыптастыру, рухани тұрғыдан тәрбиелеу мақсатында ф.ғ.к.,доцент Қ.М.Оразбаевтың «Түркібасы  топонимикасы» атты тараудың мәні зор. Бұл тарауд туған еліміздің ерекшелігін таныстыруда құнды еңбек болып саналады.