You are here

Діни толеранттылық

12 қараша күні Филология факультетінің Ағылшын тіл білімі кафедрасының ФИ-18-3к5 тобында « Діни толеранттылық » тақырыбында ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді.  Студенттер осы тақырып аясында ойындар мен қойылымдар, көптеген көрнекі материалдар мен ақпараттар дайындады. Әрбір студент іс-шараға белсене қатысып, күнделікті өмірде мұсылман киімдерін киюге деген сенім сияқты маңызды мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді.    Аталған іс-шараны дайындауға келесі студенттер белсенді қатысты: Изтай Мерейлі, Керимбай Ақбота, Қалман Аяулым, Мекенбай Аяулым. Еліміздің басқа діндер мен ұлт өкілдеріне төзімділік танытуды, негізгі құндылығы мен байлығы болып табылатын бір-біріне және қоршаған ортаға құрметпен қарай білуге адам өзін-өзі тәрбиелеу керек деген қорытынды жасалды. Ералиева З.Ж., ФИ18-3p1 тобының тәлімгері.