You are here

Факультет туралы

 

Факультет деканы

Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы

филология ғылымдарының докторы, профессор

 

Мекен-жайы: Т.Тәжібаев көшесі 2, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология факультеті.

Телефон: (7252) 36-72-26,

http://fil.ukgu.kz/

Факультет бойынша сайтқа жауапты: Қияқова Аигерім Өмірғалиқызы

E-mail: respect_1992@mail.ru

Жалпы мәліметтер:

Филология факультеті М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң ең ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультет материалдық және оқу-әдістемелік базамен, ғылыми-педагогикалық мектептермен бірлесе отырып, инновациялық ғылым және білім жобаларымен, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген. 2015 жылдың тамыз айынан бастап факультет құрамына 6 кафедра кіреді: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі», «Ағылшын тіл білімі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдері» (жалпы білім беретін) және «Мемлекеттік тілді оқыту» (жалпы білім беретін). Факультет М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң №8 оқу ғимаратында орналасқан.

Міндеті:

Факультеттің міндеті білім саласында сапалы қызмет көрсету, білім және мәдениет салаларында қызмет атқаратын жоғары білікті маман дайындау, Оңтүстік аймақ пен еліміздің инновациалық дамуына белсенді түрде ықпалын тигізу.

Бағдарламалар:

Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 3 деңгейде дайындайды: бакалавриат - магистратура - РhD докторантура.

Бакалавриат мамандықтары бойынша мына мамандарды дайындайды:

5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»,

5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»,

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»,

5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті»,

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»,

5В020500 «Филология: қазақ тілі»,

5В020524 «Филология: орыс тілі»,

5В020700 «Аударма ісі»,

5В021000 «Шетел филологиясы: ағылшын тілі»,

5В021019 «Шетел филологиясы: өзбек тілі».

Магистратура

6М010200  «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»,

6М010100  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»,

6М020500  «Филология».

Докторантура PhD

6D020500  «Филология».

Факультеттің негізгі міндеті балабақшада, орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, республикалық және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлау. Факультет бұл міндетті өз межесінде орындауда, өйткені еліміздегі ең ірі кітапханалардың бірімен, компьютерлік сыныптармен, медиатека кабинетімен, қазақ тілі және орыс тілі кабинеттерімен, лингофондық кабинетпен, аудио және видеоаппаратурамен, 2 мультимедиялық кабинет, интерактивтік тақталары және проекторларымен 6 аудитория жабдықталған.

Филология факультеті қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі филологиясы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялардың негізгі орталығы болып табылады.

Ғылыми жобалар халықаралық байланыс тұрғысынан АҚШ, Қытай, Испания, Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б. ЖОО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Студенттік өмір:

Факультет студенттері ғылыми мен қоғамдық өмірге белсенді қатысуда. Кафедраларда студенттік ғылыми ұйымдар жұмыс істеуде. «Сырлы сөз» атты әдебиеттік үйірме жұмыс істейді.

Жыл сайын студенттік конференциялар, студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы өткізіледі. Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің дипломдары мен құрмет қағаздарымен марапатталады.

Біздің бітірушілер:

Факультет түлектері білім беру мекемелерінің дерлік бәрінде, мерзімді басылымдарда, теледидар мен радиода, басылымдар мен шетелдік корпункттарда жұмыс істеп, республикалық және облыс газеттер мен журналдарының редакцияларын басқарады.

Талапкерлерге:

Құрметті талапкерлер! Университеттің ежелден келе жатқан факультетінде сіздер фундаменталды білімді келесі мамандықтар бойынша ала-аласыздар:

5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В020500 «Филология: қазақ тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В020524 «Филология: орыс тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В020700 «Аударма ісі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В021000 «Шетел филологиясы: ағылшын тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

5В021019 «Шетел филологиясы: өзбек тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі).

Болашақ мамандардың жұмыс атқаруының негізгі салалары:

Филология саласының маманы бұқаралық мәліметтер органдарында, редакциялар мен басылымдарда, теледидар мен радиоларда, мұғалім ретінде орта мектепте жұмыс істей алады.

Сонымен қатар филолог келесідей салаларда жұмыс істей алады:

- Информациялы-шығармашылықта: әдебиет қайраткері, меншікті тілші, тілші;

- Информациялы-реферетивті: хатшы-референт, түсініктемеші, сарапшы, шолушы.

- Әдеби-көсемсөзді: очеркші, фельетоншы, көсемсөз.

- Филолог жауапты хатшы, бөлім бастығы, қоғамдық байланыс жөніндегі кеңесші жұмысын атқаруға дайын.

Мамандарда кәсіби дайындаудың негізгі бағыттары.

Жалпы профессионалды пәндерді оқыту: заманауи қазақ тілі мен орыс тілі, әлемдік әдебиет тарихы, риторика, сөйлеу мәдениеті. Арнайы пәндерді оқыту және т.б.

Арнайы курс, арнайы семинар мен мамандандыру пәндерінің жиектеуде таңдаулы пәндерді оқыту қарастырылған.

Студенттер тәжірибесі:

Факультет студенттерінің іс-тәжірибеден өту базалары мыналар болып табылады: Физика-математика Назарбаев зияткерлік мектебі, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі, Фуркат атындағы №37 орта мектебі, Н.Ондасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, №45 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы, Ш.Айтматов атындағы №46 мектеп-гимназиясы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы, №80 мектеп-лицейі, т.б.

Оқу-ғылым және білім беру комплексі аясында кафедралар келісім-шартқа сай білім беру мекемелерімен бірігіп жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіп отырады. Атап өтер болсақ, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының ОҚ облысы бойынша филиалы, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы, Фуркат атындағы №37 орта мектебі, Н.Ондасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, №45 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы, Ш.Айтматов атындағы №46 мектеп-гимназиясы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы, т.б.

Факультетте жоғары дәрежелі мамандармен қамтылған 5 кафедра жұмыс істейді:

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы,

Ағылшын тіл білімі кафедрасы,

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы,

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы,

Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері кафедрасы,

Мемлекеттік тілді оқыту кафедрасы.

Жоғарыда аталған кафедралардың кез-келгенінде дерлік заманауи білім алып, жоғары сапалы маман бола аласыздар!