You are here

Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері

 

 

  Кафедра меңгеруші

  Емкулова Закира Алифбаевна

  Магистр, аға оқытушы

 

Мекен-жайы: ҚР, Шымкент қаласы, 160000 Т. Тәжібаев көшесі 2 (№8 оқу ғимараты)

М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология факультеті

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы 

Телефон: 8 (7252) 36-71-19

E-mail: Кафедра бойынша жауапты модератор: gm_070707@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер:

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми кеңесінің №3/359 13.08.2001ж. шешімі негізінде құрылған. Кафедра педагогикалық және гуманитарлық мамандықтағы  күндізгі, сырттай және кешкі оқу түрі студенттеріне ағылшын және неміс тілдерінің практикалық курсын оқытуды қамтамасыз етеді.

2001-2012 жылдары п.ғ.к., аға оқытушы Елчиева С.Н. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2012-2013 оқу жылында ф.ғ.к., доцент Шойманова М.Б. кафедра меңгерушісі болып 1 жыл басқарды.

2013-2015жж. аралығында кафедраны ф.ғ.к., доцент Шохахов Ибадулла Саргулақұлы басқарды.

2016 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін магистр, аға оқытушы Емкулова Закира Алифбаевна басқарып келеді.

Шетел тілін үйренудің негізі мектеп қабырғасында қаланса, университетте болашақ мамандарға шетел тілінен кәсіптік бағдар беріледі. Осыдан келіп оқытылатын тілдік материалдарды іріктеу және оны негізгі білім беру кешенін ұйымдастыру болып табылады. Бағдарлама қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы жағдайға байланысты туындайтын шетел тілін білудің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы және коммуникативтік біліктілікті арттыруға қажетті тілдік формаларды білуге, іскерлік, танымдық тұрғыда қарауға негізделген. Кафедрада жыл сайын гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған ғылыми конференциялар өтеді. Кафедра оқытушылары университет студенттері үшін шетел оқу залдарымен бірлесіп «Discussion hour» және «Lingua» үйірмесін жүргізеді. Бұл шетел тілін меңгеруді мақсат еткен студенттерге көп пайдасын тигізуде.

Оқытушы-профессор құрамы:

Кафедраның профессорлық оқытушы құрамы – 27:

Ғылым кандидаты – 1,

Магистр – 18,

Ағаоқытушы – 15,

Оқытушы – 12 жұмыс атқаруда.

Барлық кафедра профессор-оқытушылар құрамы сабақтарын екі тілде өткізеді, барлық оқытушылардың базалық білімі бар.

Кафедра ұжымы шетелдің жоғары оқу орындарымен үздіксіз тәжірибе алмасып, халықаралық «Болашақ», DAAD, UGRAD, ACCELS, MUSKIE, JFDP, FULLBRIGHT бағдарламаларына белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің RCEAL орталығында ғылыми тағылымдамадан өтіп, «British Council» орталығымен ұйымдастырылатын семинарларға белсенді қатысады.

Сондай-ақ кафедра ұжымы халықаралық Macmillan оқу-әдістемелік орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Соңғы үш жылда біліктілікті жоғарылату курсынан өткен оқытушылар саны – 15.

Кафедра оқытушылары ҚРБҒМ жарияланған конкурсына "Тілдік емес топтарда шетел тілін оқытуда студенттердің танымдық біліктілігін арттырудың педагогикалық шарттары" тақырыбында ғылыми жобаны ұсынды. Кафедра ПОҚ жыл сайын республикалық, алыс-жақын шет елдерде өтетін түрлі халықаралық ғылыми конферецияларға белсенді қатысып тұрады.