You are here

Халықаралық студенттік олимпиада

25 - 26 сәуір 2019 ж. аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің ұйымдастыруымен Шетел тілдері бойынша Халықаралық студенттік олимпиада өтті. Аталған олимпиадаға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ағылшын тіл білімі кафедрасынан ағылшын, неміс, француз және қытай тілдері бойынша 7 студент қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша ФИ-18-3к6 тобының студенті Еркінжан Еділ қытай тілінен ІІІ-орынды иеленді. 6 студентке белсене қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.