You are here

Қазақ тілі және әдебиеті

Кафедра меңгерушісі

Омаров Нұрлыбек Құралбекұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев көшесі, 2  (№8 ғимарат), М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология   факультеті,  «Қазақ тілі мен әдебиеті»  кафедрасы.

Телефон: 8(7252) 36-71-90

Модератор: ilesova altinai@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары(бакалавр)

Түзету әрекеттерінің жоспары(докторантура)

Жалпы мәлімет:

       Филология факультетінің бірі «Қазақ тілі мен әдебиеті»   кафедрасы 1998 жылы құрылған. Профессор-оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің үздік ғылыми жұмыстары  Республикалық  конкурстарға  жіберіліп, жүлделі орындар алуда. Кафедраның  бітіруші түлектері  еліміздің түкпір-түкпірлерінде және шет жақтарда жұмыс істейді. Кафедра көптеген оқу орындарымен байланысады, бұл оқу мен ғылым жаңалықтарын біліп отыру үшін өте тиімді.

Оқытушы-профессорлар құрамы

       Кафедрада 15 оқытушы жұмыс істейді, олардың  1 филология ғылымдарының докторы, профессор, 6  филология  ғылымдарының кандидаты, 5 аға оқытушы, 1 оқытушы және 2 магистр. Олардың арасында 2012 жылы профессор Б.М. Тілеубердиев, 2013 жылы Н.Қ. Омаров «Жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы». Профессор Б.М. Тілеубердиев – ОҚО  ономастика  комиссиясының  мүшесі.

           Қазақ  тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы  қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелерімен шұғылдана отырып, А.Байтұрсынов атындағы «Тіл білімі» институтымен, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдарымен тығыз байланыста.  Сол сияқты кафедра оқытушылары республикамыздың  және республикадан тыс  оқу орындары оқытушыларымен тәжірибе алмасады. Атап айтсақ: Х.Ясауи атындағы  Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Абай атындағы Ұлттық университеті, Низами атындағы Ташкент Педагогикалық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушыларымен, И.Арабаев атындағы Қырғызстан Респуликасының Тіл білімі институты.

Миссия

      Кафедраның міндеті - орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, облыстық және республикалық  баспа  мекемелерінде  және т.б. жерлерде  жұмыс  істейтін  жоғары  білікті  мамандар  дайындау. Кафедра  білім  беруді жаңа технология бойынша  интернетке  қосылған  компьютерлі  сыныптар мен  интерактивті  тақтамен  жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырады.

Бағдарлама

       Кафедра халықаралық стандартқа сай жоғары оқу орны  және жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық бойынша үш деңгейлі маман даярлайды: бакалавриат – магистратура – доктарантура.

Қазіргі кезеңде кафедра үш мамандық бойынша мамандар дайындайды:

5В011700  «Қазақ тілі мен әдебиеті»(4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

5В020500  «Филология: қазақ тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

5В021019  «Шетел филологисы: өзбек тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі).      

      Бітіруші түлектерге алынған мамандығы бойынша академиялық дәрежелі филолог бакалавр біліктілігі беріледі.

Магистратура және докторантура бағыты

Магистратура бөлімінде 6М020500 – Филология мамандығы бойынша.

PhD докторантура – 6D020500 – Филология мамандығы бойынша.

Біздің бітіруші түлектеріміз

         Кафедраның бітіруші түлектері барлық білім беру мекемелерінде, теледидар және радио, баспа орындарында, театр және актерлердің әдеби редакторлары болып қызмет атқарады. 

Мамандардың  келешектегі  жұмыс  істеу  орындары

        Филология саласындағы мамандар орта мектептерде, бұқаралық ақпарат бөлімінде, редакциялар және баспаларда, теледидар мен радио хабарламаларында жұмыс істеуге негізделеді.

Филологтар тағы да мынадай салаларда жұмыс істей алады

        Ақпараттық-шығармашылық қызметкер, очерк, фельетон жазушы, публицист, хатшы-референт, бөлім меңгерушісі, қоғаммен байланысты кеңесші, комментатор, сарапшы, шолушы, қосымша  біліммен  заңгер болып та  істей алады.

Мамандардың негізгі кәсіби бағыты

        Жалпы кәсіби пәндер: қазіргі қазақ тілі, қазақ және әлем әдебиетінің тарихы, шешендік өнер, тіл мәдениеті оқытылады. Таңдау бойынша біршама пәндерді  атап айтсақ,  арнайы  семинар, арнайы курс сияқты пәндерді оқыту қарастырылған.

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

        Мамандықта оқитын  студенттер  қаладағы озық мектептер мен ондағы тәжірибелі мұғалімдерден  іс-тәжірибеден өтеді. Студенттер пән мұғалімдерінің келісімімен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің күнтізбелік жоспарымен, мектеп кітапханасындағы оқулықтар қорымен танысады. Студент-практиканттар  тәжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің сабақтарына да қатысып, нәтижесін талқылап, арнайы талдау дәптерлерінде көрсетіп отырды. Іс-тәжірибе барысында әдіскер-оқытушылар мен мектептің тәжірибелі мұғалімдері тарапынан күнделікті жазылатын сабақ жоспарлары, дайындалған көрнекі құралдары, интерактивті тақтаны пайдалану деңгейі, сабақ барысы, жетістігі мен кемшіліктері жайлы жан-жақты талқылау өткізіліп, кеңестер берілді.

Студенттік өмір

          Кафедраның студенттері ғылыми және  қоғамдық өмірге белсене қатысады. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмелері, сол сияқты әдебиеттік бірлестік жұмыс істейді. «Сырлы сөз» өнер бірлестігі, «Жас тiлшi» жыл сайын студенттік конференциялар мен студенттердің  ғылыми жұмыстарына конкурс өткізеді. Студенттердің үздік жұмыстары  мақтау  қағаздары және дипломдармен марапатталады.

         Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі жолға қойылған. Студенттер ғылыми жұмыспен тұрақты айланысып келеді. Оқытушылардың жетекшілігінде студенттер қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері  бойынша терең зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Диплом (бітіру) жұмыстарын орындайды. Республикалық – аймақтық байқауларға және халықаралық  конференцияларға  үнемі қатысады. Студенттердің үздік жұмыстары мақтау қағаздары мен  Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталуда.