You are here

Мемлекеттік тілді оқыту

 

Кафедра меңгерушісі

Тұрабаева Ләззат Қалықұлқызы

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 (№5 ғимарат (Д)), М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология факультеті, "Мемлекеттік тілді оқыту" кафедрасы, 411 кабинет.

Телефон: (8 7252) 300254

Е-mail: turabaeva-l@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер

«Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасы 2003 жылдың 28 тамызында университет ғылым кеңесінің шешімімен ұйымдастырылып, «Қазақ тіл білімі» кафедрасының құрамынан бөлініп шықты. Кафедра «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі»  пәндерін оқытады.

2015 оқу жылынан бастап кафедра филология факультетінің құрамына енді.

Екіжақты ғылыми байланыс орнатылған және ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетімен Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасымен, қалалық қазақ тілін оқыту орталығымен бірлесе жұмыс істейді.

Біліктілікті көтеру, мамандарды даярлау, ғылыми еңбектерді жарыққа шығару үшін Қазақстан Республикасы тіл білімі институтымен байланыс орнатылған.

Біздің жетістіктеріміз

Әрдайым филологиялық ғылымның да, қоғамдық өмірдің де алдыңғы сапында болу – біздің ұстанымымыз.

Кафедра ұжымы облыстық тілдерді дамыту орталығымен жақсы әріптестік орнатқан, іс-шараларды бірлесе ұйымдастырады. Кафедра оқытушылары түрлі байқаулар мен олимпиадалардың қазылар мүшесі болып отырады.

Факультет жанында «Жас таланттар» үйірмесі жұмыс жасайды.

Оқытушылар құрамы

Кафедрада 17 оқытушы жұмыс істейді. Олардың  7 - филология ғылымдарының кандидаты, 2-уі - доцент,  3-уі - аға оқытушы, 5-уі оқытушы.  Ғылыми дәреже 42%-ды құрайды.

Кафедра оқытушылары республикалық, облыстық байқаулар мен семинарларға белсенді қатысып, университеттік, облыстық, аймақтық ғылыми конференцияларда баяндамалар оқиды.

Ғылыми бағыттар

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі: қазақ тілі, оқыту мен тәрбие теориясы мен әдістемесі, қазақ әдебиеті.

Кафедра қызметкерлері студенттердің және қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшілері болып табылады.

Перспективті жоспар

Біз алдағы уақытта да байқауларға, қалалық және облыстық мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатыспақпыз; жарыққа шығып жатқан монография, оқу құралдары, электрондық оқулықтар, виртуалды сабақтар сапасы мен санын тұрақты арттырмақпыз; Сондай-ақ шығармашылық іс-тәжірибе алмасу үшін халықаралық және республикалық ғылыми ұйымдар мен ЖОО-мен байланысты арттырамыз.