You are here

Неміс елшілігімен кездесу

2018 жыл 16 қараша күні  М.Әуезов атындағы  Оңтүстүк Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінде халықаралық кездесу өтті. Кездесуге DAAD( Герман академиялық алмасу қызметі) Қазақстандағы өкілі Б.Минковский мырза қатысты. Қонақтар екі шет тілін үйреніп жатқан студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға  жауап берді. ФИ-16-3к1,ФИ-16-3к2,ФИ-17-3к1,ФИ-17-3к2 топ студенттері DAAD стипендиялық бағдарламасы бойынша  «Германия жоғары оқу орындарының жазғы семестрлік оқу курсында» білім алу үшін неміс тілінен OnDaf тест тапсырды.Тестті  Алматы қаласындағы DAAD орталығының өкілі Б.Минковский мырза өткізді. OnDaf тест нәтижесінде ФИ-16-3к4 топ студенті Уразбай Карина  неміс тілі бойынша өз деңгейін анықтады.