You are here

ОҚМУ-дың әскери кафедрасының басшылығымен кездесу

2018 жылдың 2 ақпанында сағат 12:00-де филология факультетінің акт залында факультеттің 1 курс студенттері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың әскери кафедрасының басшылығымен кездесу өткізді. Шараға факультет деканы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тлеубердиев Б.М., әскери кафедра меңгерушісі, полковник Кенжебаев Ж.А., оқу ісі жөніндегі әскери кафедра меңгерушісінің орынбасары полковник А.Б. Қасымбеков сөз сөйледі. Студенттерге университеттің әскери кафедрасында қабылдау және оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.