You are here

Орыс тілі мен әдебиеті

 

Кафедра меңгерушісі

Жумагулова Жадыра Жуматаевна
 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
 
 
 
Адрес:  160018, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәжібаев көшесі, 2, №8 ғимарат, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология факультеті, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, 208 кабинет.
Телефон: 8(7252) 36-72-25
E-mail  жауапты: mahabbat_shinasilova@mail.ru
 
 
Жалпы мәлімет

Кафедра тарихы Оңтүстік Қазақстанның жоғары оқу орындарын біріктірудің нәтижесінде Оңтүстік  гуманитарлық университеті құрылған 1998 жылдан бастау алады (1998 жылы гуманитарлық университет техникалық университетпен біріктірілгеннен кейін - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті). Кафедра түлектері еліміздің барлық аймақтарында және шет елдерде еңбек етеді. Кафедра көптеген оқу орындарымен байланыс жасайды, бұл оқу мен ғылым жаңалықтарын біліп отыру үшін өте тиімді болып табылады.Университетті бітірген жас мамандардың орта мектептерде, бұқаралық ақпарат бөлімінде, редакциялар және баспаларда, теледидар мен радио хабарламаларында сұранысқа ие болуын кафедра жоғары жетістік деп санайды.

Бағдарламалар

Қазіргі кезеңде кафедра екі мамандық бойынша мамандар дайындайды:

5В011800 – Орыс тілі және әдебиеті

5В020500 – Филология

және келесі мамандық бойынша магистрлер дайындайды:

6М020500 – Филология

Оқытушы-профессорларқұрамы

Кафедрада 19оқытушыжұмысістейді, олардың  ішінде1ғылымдокторы, 6  ғылым кандидаттары,11-і аға оқытушы, оның 6-ы магистрлер.

Миссия

Кафедраның міндеті - орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, облыстық және республикалық баспа мекемелерінде  және т.б. жерлерде жұмыс  істейтін жоғары білікті мамандар дайындау. Кафедра  білім беруді жаңа технология бойынша  интернетке қосылған компьютерлі сыныптар мен интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырады.

Кафедраның ғылыми тынысы

Кафедра халықаралық қарым-қатынаста тығыз жұмыс істейді; шет елдерден білікті ғалымдарды (Томск, Нижний Новгород), шақырып, лекцияларын тыңдап, семинарларына қатысу, Қазақстанда және шет елдерде (Жапонияда) біліктілікті көтеру кафедраны жаңа деңгейге көтерді. Оқытушылар Білім алған және ( к.ф.н. Ж.Ж. Жумагулова) грантпен қамтамасыз ету конкурсына қатысады. 2013 жылы Ерметова Р.Е. біліктілігін көтеру мақсатымен Португалияның Лиссабон қаласында «IZEL» Лиссабон техникалық институтында болды.

Студенттік өмір

Кафедра студенттері университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді ат салысады. Студенттер университетте жыл сайын өткізілетін студенттік конференцияларға қатысып, үздік студенттік жұмыстар үшін мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталады.

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі Шымкент қаласының Ш. Айтматов атындағы № 46 , Т. Тәжібаев атындағы №47 орта мектептерінде өткізіледі. Іс- тәжірибенің барлық түрлерін  ұйымдастыру және жүргізу «Кредиттік білім беру жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібі. Сапалық менеджмент жүйесі», ОҚМУ СТ 7.08-2008 талаптарына сай жүргізіледі. Факультет студенттерінің іс-тәжірибесін сапалы жүргізу мақсатында мамандығы бойынша сәйкес келетін кәсіпорындармен келісім-шарттар жасалған, олармен іс-тәжірибе бойынша бағдарламалар және іс-тәжірибенің күнтізбелік кестесі келісілген.

Талапкерге!

Құрметті талапкер! Университеттің алдыңғы қатарлы кафедраларының бірі  орыс тілі және әдебиеті кафедрасы таңдап алған мамандықтарыңыз бойынша сапалы білім алуға кепілдік беріп, жарқын болашaқты сілтейді.