You are here

Студенттік ғылыми конференция

2018 жылдың 5 сәуірде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Төртінші өнеркәсіптік іске асыруда Қазақстан жастарының үлесі» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 21-ші Республикалық студенттік ғылыми конференция өткізілді. «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясына  «Филология», «Заңтану және халықаралық қатынастар» , «Педагогика және мәдениет»,  «Дене тәрбиесі және спорт» факультеттерінің студенттері және Ленгер қаласының «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің студенті қатысты. Жалпы 69 ғылыми баяндама қорғалды. Ғылыми баяндамаларды қорғау нәтижесінде төмендегі қатысушыларға:

ФК-2-к тобының студенті А.Орынбаеваға 1-ші дәрежелі:

ЮМ-15-1т тобының студенті  Б.Джумановаға 2-ші дәрежелі:

ЮМ-17-3т  тобының студенті А.Абубакировке 3-ші дәрежелі:

ФИ-15-2Р тобының студенті Ж.Сахыбековаға 3-ші дәрежелі:

Ленгер қаласы «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің студенті А.Шиналиеваға 3-ші дәрежелі дипломдар табысталды.