You are here

Талапкерге

Филология факультетінің әлеуметтік сайттар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпараты

1. Факультеттің аты: Филология факультеті, ФИ.

2. Факультет туралы қысқа ақпарат:

Филология факультетінің тарихы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан жоғары оқу орындарының қайта құрылу нәтижесінде негізі қаланған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінен бастау алады. 1998 жылдан бері филология факультеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің іргелі факультеттерінің бірі болып табылады.

1998 жылдан бері факультетті Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы басқарып келеді. Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – Қазақстан Республикасы білім беру үздігі (2000 ж.), ҚР білімінің құрметті қызметкері (2008 ж.), ғылыми жұмыс және тәрбие, оқу ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдық мерей той медаліне иегері (2011 ж.). Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – Республикадағы ономастика саласындағы белді маманы, Тілдерді дамытуды басқару орталығының облыстық ономастика комиссия мүшесі. 2012 жылы қорытындысы бойынша Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлына «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты берілді.

Облыстағы және республикадағы ең үздік ғалымдардан құралған шығармашылық ұжым ғылыми педагогикалық бағытта жас мамандарды дайындауда жоғары дәрежеде қызмет етеді. Факультетте тіл білімі, лингвистика және әдебиет салаларында ғылым докторлары, профессорлар қызмет атқарады. Олар: М. Мырзахметұлы, Б.М. Тілеубердиев, А.Е. Құлымбетова, сондай-ақ 50-ден астам ғылым кандидаты мен доценттер бар. Факультеттің төрт оқытушысы - ф.ғ.д., профессор Б.М. Тілеубердиев, б.ғ.к., доцент С.М. Сихимбаева, ф.ғ.к., доцент Ж.Ж. Жумагулова, ф.ғ.к., доцент Н.Қ. Омаров «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері болып табылады.

2015-2016 оқу жылының нәтижелері бойынша филология факультеті «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің үздік факультеті», «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы «ОҚМУ-дің үздік кафедрасы», «Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасының меңгерушісі Л.К.Тұрабаева «ОҚМУ-дің үздік доценті» атанды; 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы БСҚА (НКАОКО) рейтингі бойынша 1-ші орынға, 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы БСҚА рейтингі бойынша 2-ші орынға ие болды.

2016-2017 оқу жылында «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің үздік кафедрасы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Я.Х.Мадалиев «ОҚМУ-дің үздік аға оқытушысы» атанды; 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары БСҚА рейтингі бойынша 1-ші орынға, 5В021000 «Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығы 5-ші орынға ие болды.

Факультет көп жылдар бойы ғылым және білім саласында алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен, ғылыми зерттеу институттарымен тығыз байланыс жасауда (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Испания, Германия, Түркия, Жапония, Польша, Чехия, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния және т.б.).

Болашақ бағдарламасының аясында биология ғылымдарының кандидаты Ғ.А. Рысбаева Мәскеу қаласында Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық университетінде, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Карбозова RCEAL Кембридж университетінде, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Жумагулова, оқытушы М. Қалдыбекқызы Монтре Бизнес мектебінде (Швейцария) тағылымдамадан өтті. 2016 жылы «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Г.К.Карбозова Erasmus+ (Teaching Staff Mobility) бағдарламасы бойынша Испанияның Кадис университетінде дәріс оқыды. Сонымен бірге, Гёте-Институты гранты бойынша Мюнхен қаласында (Германия) тағылымдамадан өтті. 2016 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Ж.Ж. Жұмағұлова Қытай Халық Республикасының Дальян Шет тілдері университетінде дәріс оқыды.

2016 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы командасы І орынды, 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы командасы ІІІ орынды, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы командасы ІІІ орынды, ҚазҰПУ-да өткен Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы командасы ІІІ орынды, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы командасы «Үздік ой-талқы» номинациясын иеленді.

Факультетте әр оқу жылында жақын және алыс шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарынан лекция оқу мен шеберлік сыныптарын жүргізу үшін танымал ғалымдар шақырылады. Факультетте шет тілі пәні бойынша: Джозеф Перри, Элис Лобью, Сэнди Марсия Стрингфелоу, Пеня Элизабет Виани (ағылшын тілі), Сересо Монтойя Давид, Санчес Асун Рут Сара, Валладарес Лопез Сатурнино (испан тілі), Юрген Вернер Вольфганг Асмус (неміс тілі) сынды ғалымдар дәріс оқыды.

Қазіргі таңда факультетте Калифорния Штаты университетінің профессоры Нэйсон Т. Карр ағылшын тілі, Синцьзян қаржы және экономика университетінің іскерлік әкімдеу магистрі (МВА) Луань Синьжун қытай тілі бойынша дәріс оқиды.

3. Факультеттің мамандықтары:

Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 3 деңгейде дайындайды: бакалавриат - магистратура - РhD докторантура.

Бакалавриат:

Мамандық

1

бейіндік пән

2

бейіндік пән

Ұлттық рейтингідегі орны

1.

5В010100

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Биология

География

1

2.

5В010200

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

Биология

География

1

3.

5В011700

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

Оқыту тілі және әдебиет

Тарих

 

4.

5В011800

«Орыс тілі мен әдебиеті»

Оқыту тілі және әдебиет

Тарих

 

5.

5В011900

«Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын + қытай/неміс/француз)»

Шет тілі

Тарих

 

6.

5В020500

«Филология

(қазақ)»

Оқыту тілі және әдебиет

Тарих

 

7.

5В020524

«Филология

(орыс)»

Оқыту тілі және әдебиет

Тарих

 

8.

5В020700

«Аударма ісі»

Шет тілі

Тарих

 

9.

5В021000

«Шетел филологиясы (ағылшын)»

Шет тілі

Тарих

5

10.

5В021019

«Шетел филологиясы (өзбек)»

Шет тілі

Тарих

 

 

 

Магистратура:

Шифр

Мамандық

1.

5В010100

 

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

2.

5В010200

 

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

3.

5В020500

«Филология»

 

 

Докторантура PhD:

Шифр

Мамандық

1.

5В020500

«Филология»

 

 

4. Факультеттің кафедралары:

Факультет құрамында 6 кафедра жұмыс істейді:

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Филология факультетіндегі іргелі кафедралардың бірі. Кафедра меңгерушісі Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2014» байқауының жеңімпазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омаров Нұрлыбек Құралбекұлы. Кафедра құрамында 2 филология ғылымдарының докторы, профессор, 6 филология ғылымдарының кандидаты, доценттер жұмыс істейді. Дәрежесі бар оқытушылар құрамының үлесі 68,8%. Соның ішінде атақты ғалым, ҚР Мемлекеттік, «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» (Түркия) халықаралық сыйлықтарының лауреаты, ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2012» байқауының жеңімпазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы қызмет етеді.

Сондай-ақ, кафедрада «Әдебиеттану ғылымына кіріспе» оқулығының авторы ф.ғ.к., доцент А.Б. Қалшабеков, «Стилистика және тіл мәдениеті» оқу құралының авторы ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Әділбекова, «Түлкібас тұлғалары мен топонимикалық аңыздары» оқулығының авторы ф.ғ.к., доцент Қ.М.Оразбаев, «Қазығұрт топонимикасы» монографиясының авторы ф.ғ.к., доцент Б.Т. Тасполатов сынды белді ұстаздар қызмет етеді.

Кафедра студенттері Б. Ахмед 2016 жылы Қостанай қаласында өткен Республикалық пән олимпиадасында «Үздік ой-талқы» номинациясының иегері, Ү.Жүсіпбекова 2015 жылы Алматыда өткен Республикалық Абай оқуларының жүлдегері атанды.

Кафедраның міндеті – орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, облыстық және республикалық баспа мекемелерінде және т.б. жерлерде жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар дайындау. Кафедра білім беруді жаңа технология бойынша интернетке қосылған компьютерлі сыныптар мен интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырады.

Кафедра халықаралық стандартқа сай жоғары оқу орны және жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық бойынша үш деңгейлі маман даярлайды: 5В020500 «Филология (қазақ)», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В021019 «Шетел филологиясы (өзбек)», 6М020500 «Филология» (магистратура), 6D020500 «Филология» (доктарантура).

Кафедраның бітіруші түлектері барлық білім беру мекемелерінде, теледидар және радио, баспа орындарында, театр және актерлердің әдеби редакторлары болып істейді.

«Ағылшын тіл білімі» кафедрасы

1999 жылы негізін қалаған «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы филология факультетінің беделді кафедраларының бірі болып саналады. Кафедраны туыс емес тілдерді салғастырмалы зерттеу саласының маманы, ф.ғ.к., доцент Карбозова Гүлнар Күмісбекқызы басқарады.

Кафедрада жоғары білікті оқытушылар, оның ішінде 4 ғылым кандидаты, 9 магистр, 3 «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иегері жұмыс жасайды (оқытушылардың ғылыми және академиялық дәреже үлесі 68,4%-ды құрайды). Кафедра аға оқытушы Г.А. Телғазиева ҚР оқу ісінің үздігі. Кафедра доценті А.С. Швайковский «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» мерекелік медалі және «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісінің иегері.

Кафедра Британ Кеңесімен тығыз қарым-қатынас ұстанады. Орнатылған келісімшарт негізінде кафедрада әр жылы ағылшын тілі – Джозеф Перри, Элис Лобью, Сэнди Марсия Стрингфелоу, Пеня Элизабет Виани; неміс тілі – доктор PhD Юрген Вернер Вольфганг Асмус; испан тілі – Сересо Монтойя Давид, Санчес Асун Рут Сара, Валладарес Лопез Сатурнино сынды оқытушылары жұмыс жасады.

Қазіргі таңда факультетте Калифорния Штаты университетінің профессоры Нэйсон Т. Карр ағылшын тілі, Синцьзян қаржы және экономика университетінің іскерлік әкімдеу магистрі (МВА) Луань Синьжун қытай тілі бойынша дәріс оқиды.

Кафедра оқытушылары шеттілдік білім беру барысында жаңа білім беру технологияларымен қатар әлемдік алдыңғы қатарлы әдістемелерді, мультимедиа және лингафон кабинеттерінің мүмкіндіктерін қолданады.

Кафедра мына мамандықтар бойынша бакалавр дайындайды:

- 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» (ағылшын + қытай/неміс/француз тілдері);

- 5В021000 «Шетел филологиясы (ағылшын тілі)»;

- 5В020700 «Аударма ісі».

«Ағылшын тіл білімі» кафедрасы студенттері жыл сайын сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алады. Соңғы 3 жылдың өзінде 30-дан астам студент Испания, США, Германия, Польша, Латвия, Румыния елдерінің танымал ЖОО-да білімін жетілдірді.

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы филология факультетіндегі іргелі кафедралардың бірі. Кафедра меңгерушісі «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының жеңімпазы, биология ғылымының кандидаты, доцент Сихимбаева Света Маметқызы.

Қазіргі таңда кафедрада 22 профессор-оқытушылар қызмет жасайды, оның ішінде 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 9 магистр бар (оқытушылардың ғылыми және академиялық дәреже үлесі 81,8%-ды құрайды). Кафедра доценті Б.А. Нарқұлова «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің, доцент С.М. Сихимбаева «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» мерекелік медалінің иегерлері. Доцент Ғ.А. Рысбаева Польшада және доцент С.М. Сихимбаева Дюссельдорф қаласында (Германия) ғылыми тағылдамадан өтті.

Кафедра халықаралық стандартқа сай жоғары оқу орны және жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық бойынша маман даярлайды: 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6М010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» (магистратура), 6М010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (магистратура).

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің Қазақстанның ЖОО арасында білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша екі мамандық соңғы 3 жылда жоғары үштікте болып, 2016 жылы 1-орынды иеленді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедра студенттері Испаниядағы Мадрид қаласының Алькала де-Энарес, Бельбао қаласындағы Деусто университеттерінде, Рига қаласында Латвия университетінде білім алып келуде.

Кафедра түлектері мектепке дейінгі және барлық білім беру мекемелерінде жемісті еңбек етуде.

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылғалы филология факультетінің құрамында жұмыс істеп келеді. Кафедра меңгерушісі Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2015» байқауының жеңімпазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жумагулова Жадыра Жуматаевна.

Кафедрада 22 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 5 магистр бар (оқытушылардың ғылыми және академиялық дәреже үлесі 63,6%-ды құрайды). Филология ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті азаматы» төс белгілерінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірнеше марапаттары, мақтау қағаздары және алғыс хаттарының иегері, профессор А.Е.Құлымбетова кафедраның мақтанышы болып табылады.

Қазіргі таңда кафедра 2 мамандық бойынша бакалавр дайындайды: 5В020500 «Филология (орыс тілі)», 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті». Біріккен «Желілік университеттер» оқу бағдарламалары аясында Ресей халықтар достығы университетімен (Мәскеу қ.) бірлесе 6М020500 «Филология» мамандығы бойынша магистр дайындайды.

Филология саласындағы мамандар орта мектептерде, бұқаралық ақпарат бөлімдерінде, теледидар мен радио хабарламаларында жұмыс істеуге негізделеді.

«Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасы (жалпы білім беретін)

Кафедрада 17 оқытушы жұмыс істейді. Олар: 5 ғылым кандидаты, доцент, 10 ғылым магистрі. Дәрежесі бар оқытушылар құрамының үлесі 88,2%.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Турабаева Лаззат Калыкуловна 2008 жылдан бастап ҚР БжҒМ «Казтест» орталығында сарапшы және әзірлемеші болып жұмыс жасап келеді. 2015 жылы РЖА (РАЕ) профессоры атағын алды және инновациялық технологияларды оқу үдерісіне ендірудегі жаңашылдығы үшін «Алтын медаль» иегері атанды. Осы жылы «Тіл мерейі» атты облыстық байқауға қатысып, бас жүлдені иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында мемлекеттік тілді дамытуға қосып жүрген үлесі үшін Алғысхатпен марапатталды. Кафедра аға оқытушысы Т. Сариева 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген «Тәуелсіздік - тұғырым» атты көркемсөз оқу байқауына белсене қатысып, ізденіс пен шеберлік танытқаны үшін Алғысхатпен марапатталды. Кафедра аға оқытушысы И. Есболаева 2017 жылы республикалық олимпиадада оқушылар білімін саралауда әділ төрелік жасағаны үшін Алғысхатпен марапатталды.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі бағытында жүргізіледі. Кафедра профессор-оқытушылар құрамы студенттер мен қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды.

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы (жалпы білім беретін)

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы күндізгі, сырттай және кешкі оқу формалары бойынша гуманитарлық және педагогикалық мамандықтар циклында ағылшын тілінің практикалық курсын оқытуды қамтамасыз етеді.

Кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушы, магистр Емкулова Закира Алифбаевна атқаруда. Кафедрада 28 оқытушы жұмыс істейді, олардың  ішінде ғылым кандидаттары, 16 магистр бар (оқытушылардың ғылыми және академиялық дәреже үлесі 61%-ды құрайды). Кафедра доценті С.Н. Елчиева ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Білімге қосқан үлесі үшін «Ы.Алтынсарин» және «Астанаға 10 жыл» медалі иегері.

Кафедра Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, «British Council», «Гёте» институты, «TESh» орталығымен бірлесіп іс-тәжірибе алмасу және біліктілікті жоғарылату мақсатында үнемі байланыс жасап отырады.

5. Факультеттің материалдық базасы:

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің дәріс сабағы

Қазақ және өзбек әдебиетінің арнайы кабинетінде интерактивті тақтамен жаңа тақырыптың презентациясын өткізуде

Медиатекадағы ағылшын және неміс тілдеріндегі аутентивтік материалдарды қарастыру

Мультимедиалық кабинеттегі оқу үрдісі

Заманауи лингафондық кабинеттегі ағылшын тілі сабағы

Мемлекеттік тілді оқытуға арналған мультимедиа кабинеті

Оқытудың озық технологиясы қолданылған практикалық сабағы

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған арнайы жабдықталған мультимедиа кабинеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері ағылшын тілі сабағында

Виртуальды сабақтан көрініс

6. Факультеттің жатақханасы:

Филология факультеті жатақханасының орталық көрінісі

Филология факультеті жатақхана кітапханасы

Жатақхана кітапханасы оқу залындағы студенттердің өзіндік жұмысы

Доцент С.М. Сихимбаева факультет жатақханасында студенттермен

Филология факультеті студенті жатақханада өнер көрсетуде

«Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты шығармашылық кеші

Жатақхана акт залында өткізілген «Кітап – тарих, шежіре» атты іс-шарасында

7. Студенттер өмірінен ақпарат:

ОҚМУ-дің Ректоры Ж.Ү.Мырхалықов «Филология» мамандығы магистранттарымен Ресей халықтар достығы университетінде (Мәскеу қ.).

Филология факультеті деканы Б.М.Тілеубердиев Республикалық байқау жеңімпаздарын құттықтауда

Республикалық конкурс жеңімпаздары «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының командасы

Факультеттің «Сырлы сөз» өнер бірлестігі мүшелерінің сахналық қойылым сәті

«Ағылшын тіл білімі» кафедрасы профессоры Нэйсон Т.Карр Назарбаев Зияткерлік мектебінде семинар өткізу барысында

Магистр Луань Синьжун өз студенттерін қытай көркем жазуына баулуда

Таэквондодан ҚР чемпионатының ІІІ-орын жүлдегері - факультет студенті Әбдіқалық Айдана

Тоғызқұмалақтан Республикалық жарысының күміс медалі иегері,

факультет студенті Ж.Оралбайды университет ОІ және АТ проректоры

Қ.С. Байболов арнайы марапаттауда

Факультет студенті Блок Любовь - «Мемлекеттік тіл мәртебесі» қалалық конкурсының бас жүлдегері

Факультет студенттерінің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуы (Германия)