You are here

XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

«Мектепке  дейінгі  және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2019 жылдың 11-12 сәуір күндері Шымкент қаласындағы Silkway Халықаралық Университетінде өтті. Қазақстанның 27 ЖОО-нан 30 команда қатысқан сайысқа «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы дайындаған «Zerde» командасы өздерінің сапалы білімдерімен, шығармашылығымен танылып, жүлделі 3-орынға ие болды.

Команданы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жеңістер тілейміз!