You are here

Журналист Серік Қалиевпен кездесу

2018 жылы 13 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің 1 курс студенттерімен, ел ақыны және «Асыл арна» телеарнасының журналисті Серік Қалиев арасында кездесу өтті. Кездесу барысында Серік Қалиев Елбасымыздың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» ұлттық код  туралы студенттерге біраз мағлұматтарды бере отырып,  пікір алысты. Серік Қалиев өзінің шығармаларымен таныстыра келе, жастарды мейірімге, адамгершілікке толы жүрекпен бірге ұлы мақсаттарға аттануға шақырды. Серік Қалиев сөз соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріп ағынан жарылды. Кездесуге «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедра меңгерушісі  Нұрлыбек Құралбекұлы қатысып, Серік Қалиевке алғысын айтты.