You are here

Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі

  Кафедра меңгерушісі

  Суюбердиева Айман Әбдіразаққызы

  Педагогика ғылымдарының кандидаты,

   аға оқытушы 

 

Мекен-жайы: ҚР, Шымкент қаласы, 160000 Т. Тәжібаев көшесі 2 (№8 оқу ғимараты)

М. Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті

«Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасы 

Телефон: 8 (7252) 36-71-19

E-mail: Кафедра бойынша жауапты модератор: asan-777@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер:

«Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілдері» кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылыми кеңесінің №3/359 13.08.2001ж. шешімі негізінде құрылған. Кафедра педагогикалық және гуманитарлық мамандықтағы  күндізгі, сырттай және кешкі оқу түрі студенттеріне ағылшын және неміс тілдерінің практикалық курсын оқытуды қамтамасыз етеді.

2001-2012 ж.ж.п.ғ.к.,аға оқытушы Елчиева С.Н. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2012-2013 ж.ж.ф.ғ.к., доцент Шойманова М.Б. кафедра меңгерушісі болып 1 жыл басқарды.

2013-2015ж.ж. aралығында кафедраны ф.ғ.к., доцент Шохахов Ибадулла Саргулақұлы басқарды.

2016-2017ж.ж. аралығында кафедра меңгерушісі қызметін магистр, аға оқытушы Емкулова З.А. басқарды.

2017 ж. бастап кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., аға оқытушы Суюбердиева А.А. басқарып келеді.

Шетел тілін үйренудің негізі мектеп қабырғасында қаланса, университетте болашақ мамандарға шетел тілінен кәсіптік бағдар беріледі. Осыдан келіп оқытылатын тілдік материалдарды іріктеу және оның негізгі білім беру кешенін ұйымдастыру болып табылады. Бағдарлама қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы жағдайға байланысты туындайтын шетел тілін білудің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы және коммуникативтік біліктілікті арттыруға қажетті тілдік формаларды білуге, іскерлік, танымдық тұрғыда қарауға негізделген. Кафедрада жыл сайын гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған ғылыми конференциялар өтеді. Кафедра оқытушылары университет студенттері үшін шетел оқу залдарымен бірлесіп «Discussion hour» және «Lingua» үйірмесін жүргізеді. Бұл шетел тілін меңгеруді мақсат еткен студенттерге көп пайдасын тигізуде.

Профессор-оқытушылар құрамы:

Кафедраның профессорлық оқытушы құрамы – 30

Ғылым кандидаты – 3,

Магистр – 19,

Аға оқытушы – 12,

Оқытушы – 15 жұмыс атқаруда.