You are here

Қазақ тілі және әдебиеті

Кафедра меңгерушісі

Тасполатов Бақыт Тохполатұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев көшесі, 2  (№8 ғимарат), М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология   факультеті,  «Қазақ тілі мен әдебиеті»  кафедрасы.

Телефон: 8(7252) 36-71-87

Модератор: aigera27091989@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары(докторантура)

Жалпы мәлімет:

       Филология факультетінің бірі «Қазақ тілі мен әдебиеті»   кафедрасы 1998 жылы құрылған. Профессор-оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің үздік ғылыми жұмыстары  Республикалық  конкурстарға  жіберіліп, жүлделі орындар алуда. Кафедраның  бітіруші түлектері  еліміздің түкпір-түкпірлерінде және шет жақтарда жұмыс істейді. Кафедра көптеген оқу орындарымен байланысады, бұл оқу мен ғылым жаңалықтарын біліп отыру үшін өте тиімді.

Оқытушы-профессорлар құрамы

       Кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді, олардың  1 филология ғылымдарының докторы, профессор,1 филология ғылымдарының докторы, доцент,  8  филология  ғылымдарының кандидаты, 7 аға оқытушы  және 1 магистр. Олардың арасында 2009 жылы С.Р.Боранбаев, 2012 жылы профессор Б.М. Тілеубердиев, 2013 жылы Н.Қ. Омаров «Жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы». Профессор Б.М. Тілеубердиев – ОҚО  ономастика  комиссиясының  мүшесі. 2011-2014 жж С.Р.Боранбаев.” Ы, Алтынсарин”, “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін иемденді.

           Б.М.Тлеубердиев – Қазақстан Республикасы білім беру үздігі (2000 ж.), ҚР білімінің құрметті қызметкері (2008 ж.), ғылыми жұмыс және тәрбие, оқу ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдық мерей той медаліне иегері болған (2011 ж.). Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – Республикадағы ономастика саласындағы белді маманы, Тілдерді дамытуды басқару орталығының облыстық ономастика комиссия мүшесі болған. 2012 жылы қорытындысы бойынша ф.ғ.д.,профессоры Б.М.Тлеубердиев пен ф.ғ.к.,доцент  Н.Қ.Омаровқа  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты берілген.

Миссия

      Кафедраның міндеті - орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, облыстық және республикалық  баспа  мекемелерінде  және т.б. жерлерде  жұмыс  істейтін  жоғары  білікті  мамандар  дайындау. Кафедра  білім  беруді жаңа технология бойынша  интернетке  қосылған  компьютерлі  сыныптар мен  интерактивті  тақтамен  жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырады.

Бағдарлама

       Кафедра халықаралық стандартқа сай жоғары оқу орны  және жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық бойынша үш деңгейлі маман даярлайды: бакалавриат – магистратура – доктарантура.

Қазіргі кезеңде кафедра үш мамандық бойынша мамандар дайындайды:

5В011700  «Қазақ тілі мен әдебиеті»(4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

5В020500  «Филология: қазақ тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

5В021019  «Шетел филологисы: өзбек тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі).      

      Бітіруші түлектерге алынған мамандығы бойынша академиялық дәрежелі филолог бакалавр біліктілігі беріледі.

Магистратура және докторантура бағыты

Магистратура бөлімінде 6М020500 – Филология мамандығы бойынша.

PhD докторантура – 6D020500 – Филология мамандығы бойынша.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 6М020500 – Филология и 6D020500 – Филология мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттарды дайындайды.  

   6D020500 – «Филология» білім беру мамандығына лицензия   2010 жылы берілген.  2011-2017 жылдар аралығында 6D020500 – «Филология» білім беру мамандығы бойынша С. Мейирбеков  білім алды. 2017 жылы 6D020500–Филология мамандығына докторантураға Сматова Алия қабылданды. Бүгінгі таңда докторант «Қазақ және ағылшын топонимдерінің лингвоконцептологиялық сипаты» («Лингвоконцептологические аспекты казахской и английской топонимии», «Linguistic-conceptological aspects of Kazakh and English toponymy») тақырыбында диссетациялық жұмыс жазуда. Докторанттың ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Б.М.

Кафедра шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық байланыс жасауда. Докторанттың шететелдік ғылыми кеңесшісі Ташкент мемлекеттік шығыстану институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тухлиев Б.

6D020500 – Филология мамандығына       филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Б.М., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омаров Н.К., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тасполатов Б.Т., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділбекова Ж.Қ. дәріс жүргізеді.

6D020500 – Филология мамандығы бойынша жасалынған модульдік білім беру бағдарламасы қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелеріне негізделген.  6D020500 – Филология мамандығы бойынша «ХХ ғ. екінші жартысы – ХІХ ғ. аясындағы қазақ философиясының ғылыми басымдықтары», «Лингвистиканың аспектілерімен жаңа басымдықтары», «Ареалды лингвистика», «Танымдық семантика (когнитивтік семантика), «Компаративистик», «Академикалық шешендік», «Ғылыми дискрус теориясы», «Линвистикалық зертеулердің әдіснамасы мен әдістемесі», «Лингвистикалық ізденістердің заманауи үрдістері».

   2018 жылы  6D020500 – «Филология» мамандығына доктарантураға Кайимов Мухамеджан қабылданды. Бүгінгі таңда доктотрант «Бұқар жырау шығармашылығы «Рухани жаңғыру» аясында» («Творчество Бухар жырау в контексте «Духовного возрождения» Казахского народа», «Bukhar Zhrau`s composition abaut spiritual revival») тақырыбында диссертациялық жұмвс жазуда. Докторанттың ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, прфессор Мырзахметов М.М.

«Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығында орталықтың аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек бастаған әдебиеттанушы ғалымдардың дөңгелек үстелі.

 

28.05.2019 «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Халикова Н.С. және докторант Кайимов М.А. Түркия ғалымдарымен бірге.

30.11.2019 жылы  М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ректоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі профессор Қожамжарова Дария Пернешқызы магистранттар және докторанттармен кездесуі.

15.09.2019 жылы«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Мадалиев Я.Қ. және докторант Кайимов М.А. Өзбекстан Республикасың GULISTONмемлекеттік университетінде.

2019 жылы, наурыз айының 14-ші жұлдызында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы мәдениеттанушы, цзинолог Мұрат Әуезов және Алматы қаласындағы М.Әуезов мұражай-үйінің директоры Дияр Қонаев М.Әуезов атындығы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығында.

04.02.2019 жылы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығында.

12.12.2019 ж. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, «қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының докторанты Кайимов Мухамеджанның ғылыми жетекшісіМекемтас Мырзахметұлы І-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

16.01.2020 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ІІ-ші курс докторанты Кайимов Мухамеджан  А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы сонымен қатар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Әлемдік ойлардың алыптары» атты кітап көрмесінің ашылу салтанатында.

05.02.2020-06.02.2020 аралығындаМ.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының магистранттары мен докторанттарына М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Көпбаева Меруерт Рахимова тұлғалар танымы бағытында «Үміт формуласы» (Фараби және Абай шығармашылығы негізінде) атты тақырыпта лекция оқыды.

05.02.2020-06.02.2020 аралығындаМ.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының магистранттары мен докторанттарынаТашкент мемлекеттік Шығыстану институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Омонов Кудратулла Түркі тілдерінің зерттелүі тақырыбында лекция оқыды.


 

Филология факультетінің деканы филология  ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердев  Б.М. және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Мадалиев Я.Қ.  Өзбекстан ғалымдарымен бірге.

Кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омаров Н.Қ. және  кафедраның доктранты Сматова  А.Е.

Кафедраның доктранты Сматова  А.   шетелдік қонақтармен бірге

Біздің бітіруші түлектеріміз

         Кафедраның бітіруші түлектері барлық білім беру мекемелерінде, теледидар және радио, баспа орындарында, театр және актерлердің әдеби редакторлары болып қызмет атқарады. 

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 2018 жылғы бітіруші түлектері туралы мәлімет

5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша 2018 жылғы бітіруші түлектері туралы мәлімет

5В021019 «Шетел филологиясы: өзбек тілі» мамандығы бойынша 2018 жылы бітіруші түлектері туралы мәлімет

Мамандардың  келешектегі  жұмыс  істеу  орындары

        Филология саласындағы мамандар орта мектептерде, бұқаралық ақпарат бөлімінде, редакциялар және баспаларда, теледидар мен радио хабарламаларында жұмыс істеуге негізделеді.

Филологтар тағы да мынадай салаларда жұмыс істей алады

        Ақпараттық-шығармашылық қызметкер, очерк, фельетон жазушы, публицист, хатшы-референт, бөлім меңгерушісі, қоғаммен байланысты кеңесші, комментатор, сарапшы, шолушы, қосымша  біліммен  заңгер болып та  істей алады.

Мамандардың негізгі кәсіби бағыты

        Жалпы кәсіби пәндер: қазіргі қазақ тілі, қазақ және әлем әдебиетінің тарихы, шешендік өнер, тіл мәдениеті оқытылады. Таңдау бойынша біршама пәндерді  атап айтсақ,  арнайы  семинар, арнайы курс сияқты пәндерді оқыту қарастырылған.

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

        Мамандықта оқитын  студенттер  қаладағы озық мектептер мен ондағы тәжірибелі мұғалімдерден  іс-тәжірибеден өтеді. Студенттер пән мұғалімдерінің келісімімен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің күнтізбелік жоспарымен, мектеп кітапханасындағы оқулықтар қорымен танысады. Студент-практиканттар  тәжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің сабақтарына да қатысып, нәтижесін талқылап, арнайы талдау дәптерлерінде көрсетіп отырды. Іс-тәжірибе барысында әдіскер-оқытушылар мен мектептің тәжірибелі мұғалімдері тарапынан күнделікті жазылатын сабақ жоспарлары, дайындалған көрнекі құралдары, интерактивті тақтаны пайдалану деңгейі, сабақ барысы, жетістігі мен кемшіліктері жайлы жан-жақты талқылау өткізіліп, кеңестер берілді.

Студенттік өмір

          Кафедраның студенттері ғылыми және  қоғамдық өмірге белсене қатысады. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмелері, сол сияқты әдебиеттік бірлестік жұмыс істейді. «Сырлы сөз» өнер бірлестігі, «Жас тiлшi» жыл сайын студенттік конференциялар мен студенттердің  ғылыми жұмыстарына конкурс өткізеді. Студенттердің үздік жұмыстары  мақтау  қағаздары және дипломдармен марапатталады.

         Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі жолға қойылған. Студенттер ғылыми жұмыспен тұрақты айланысып келеді. Оқытушылардың жетекшілігінде студенттер қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері  бойынша терең зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Диплом (бітіру) жұмыстарын орындайды. Республикалық – аймақтық байқауларға және халықаралық  конференцияларға  үнемі қатысады. Студенттердің үздік жұмыстары мақтау қағаздары мен  Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталуда.