You are here

Мемлекеттік тілді оқыту

Кафедра меңгерушісі

Тұрабаева Ләззат Қалықұлқызы

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, №5 ғимарат (Д).

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология факультеті, "Мемлекеттік тілді оқыту" кафедрасы, 411 кабинет.

Телефон: (8 7252) 300254

Е-mail: turabaeva-l@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет, кафедра тарихы

«Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасы 2003 жылдың 28 тамызында университеттің Ғылым кеңесі шешімімен құрылды.

2015 оқу жылынан бастап кафедра Филология факультетінің құрамына енді. 2019 жылы кафедрада 6В03220-"Журналистика" мамандығы ашылды.

Кафедрада барлық мамандықтарға «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі»  пәндері оқытылады.

 Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология, Журналистика факультеттерімен және облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен, қалалық қазақ тілін оқыту Орталығымен бірлесе жұмыс істейді.

Кафедрада 19 оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде: 7  филология ғылымдарының кандидаты, 7 доцент,  4 аға оқытушы, 8 оқытушы.  Ғылыми дәрежесінің көрсеткіші 36%-ды құрайды.

Кафедра келесі мамандарды дайындайды:

6В03220- "Журналистика"  Білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі – 4 жыл

Біліктілік және қызметтер тізімі

Осы ББ бойынша бітірген түлекке «6В03220 – Журналистика» бакалавры дәрежесі тағайындалады.

«6В03220 – Журналистика» мамандығы бойынша бакалаврлар (ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалық ұйымдарда) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан журналист, редактор, радио және тележүргізуші, корреспондент, репортер, көпшілікпен байланыс бойынша маман, ақпараттық талдаушы, әралуан салалар мен меншік түрі коммуникациялары мен медиа саласындағы маман қызметтерін атқара алады.

«6В03220 – Журналистика» ББ кәсіби қызмет саласы БАҚ, интернет-ресурстар, ақпараттық қызметтер мен басқармалар, көпшілік қызметтері, коммуникация бөлімдері, шектес ақпараттық-коммуниактивтік салалар (PR қызметтер мен басқармалар, баспахана, жарнама агенттігі және т.б.) болып табылады.

«6В03220 – Журналистика» ББ мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет нысандары көпшілік қатысым құралдары, отандық және шет елдік электронды және басылымдық БАҚ, ақпараттық агенттіктер мен жаңалықтар қызметі, баспаханалар мен полиграфиялық кешендер, қоғамдық ұйымдардың көпшілік қызметтері, қоғаммен байланыс бойынша құрылымдар мен бөлімшелер, жарнама агенттіктері, желілік ақпараттық құрылымдар болып табылады.

«6В03220 – Журналистика» ББ бакалаврының кәсіби қызмет пәні ақпараттар, ақпараттарды жинақтау, қайта өңдеу мен таратуға бағытталған кәсіби қызмет, адамзаттың өзекті мәселелерін қоғамға жеткізу, тану, қарастыру, әралуан қоғамдық жайттарға құзыретті  түсінік бере білу және талдау, ақпараттарды басқару, ақпараттық серіктестікті реттестіру, жарнамалық материалдарды жасау болып табылады.

«6В03220 – Журналистика» мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:

  • журналистік-авторлық (авторлық бағдарлама)
  • ақпараттық-шығармашылық (ток-шоу, реалити-шоу)
  • жобалық-талдағыштық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • әлеуметтік-ұйымдастырушылық;
  • кәсіпкерлік қызмет.
  • спорттық жарыстар комментаторы, сценарист, радио- және  тележүргізуші, журналист, корреспондент (оның ішінде  репортерлік зерттеу жүргізуші), телеоператор, жарнама бойынша маман, телемаркетолог, талдаушы-редактор, корректор, баспа ісі маманы, редактор (жалпы бейін), газет редакторы, баспа корреспонденті, газет және журнал редакторы, мемлекеттік ұйымдармен байланыс бойынша үйлестіруші, диктор, радио және телебағдарламалар продюсері, бас администратор, бағдарлама редакторы, инокорреспондент, қоғаммен байланыс бойынша маман, маркетингтік компаниялар талдаушысы, PR-менеджер, бренд-менеджер ретінде кәсіби қызметтерін атқарады.